Жақын күндері
Барлық кездесулерӘзірге бос
Өз қалаңдағы алғашқы кездесуді сен жарияла — қалғандары қосылады.
Үш қадам, бір минут
Кездесу тап немесе өзің жарияла
Не, қайда, қашан, неше адам керек — бәрі бір карточкада. Жариялауға бір минут кетеді.
«Мен барамын!» де
Қалғанын кездесу чатында келісесіңдер: доп кімде, қай кіреберістен кіреміз.
Кездес. Сосын бір-біріңді бағала
Келгендер белгіленеді, пікір қалады. Келесі жолы кіммен баратыныңды білесің.
Не үшін жиналады
Санатты бас — бүкіл Қазақстан бойынша не барын көр.
Бейтаныс адаммен кездесу. Қалай сенемін?
Расталған фото
Профиль фотосын модератор тексереді. Расталған адамның атының жанында белгі тұрады.
Ашық рейтинг
Әр кездесуден кейін қатысушылар бір-бірін бағалайды. Рейтинг пен пікірлер профильде көрінеді.
Келмегендер көрінеді
Жазылып, келмей қалған адамның қатысу пайызы түседі. Оны кез келген адам көре алады.
Шағымды адам қарайды
Әр профильде шағым батырмасы бар. Оны модератор оқып, шешім шығарады.
- Бір тәулік бұрын әркім қатысатынын растайды
- Еске салу екі сағат бұрын өзі кетеді
- Апта сайынғы кездесу өзі қайталанады
- Спортзал, клуб, кофехана ұйым атынан өткізе алады
Жиі қойылатын сұрақтар
Бұл тегін бе?
Иә. Кездесу құру да, кездесуге қосылу да тегін.
Қосымшаны жүктеу керек пе?
Жоқ, ол браузерде ашылады. Қаласаң, телефонның басты экранына қосып аласың. Telegram-да @kimmenimenbot арқылы да ашылады.
Қалай тіркелемін?
Google аккаунтымен. Телефон нөмірі де сұралады: бір нөмір — бір аккаунт, нөмір профильде көрсетілмейді. Кездесулерді қарап шығуға тіркелу керек емес.
Қай қалаларда жұмыс істейді?
Қазақстанның 21 қаласында: Ақтаудан Өскеменге, Петропавлдан Шымкентке дейін. Сенің қалаңда әлі кездесу болмаса — біріншісін өзің жарияла.
Кездесуіме ешкім жазылмаса ше?
Ең аз қатысушы санын қоя аласың. Сонша адам жиналмаса, кездесу өзі тоқтатылады — ешкім бос орынға бармайды.
Неше жастан бастап қолдануға болады?
18 жастан бастап.